«Ақмола облысы білім басқармасының  туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және
технологиялық дайындық орталығы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение «Центр туризма, физической культуры, начальной военной и технологической подготовки  управления образования Акмолинской области»

 


Әлеуметтік желілердегі парақшаларымыз

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Білім беру ұйымдарының музейлер фестивалі туралы есеп

18.04.2017

Өскелең ұрпақтың патриоттық тәрбиесін арттыру мақсатында биылғы жылдың 13-14 сәуір күндері “Звездный” БСО базасында музейлік жұмысы арқылы Халықаралық музейлер күніне және Ұлы Отан соғысында Женіс күніне арналған Ақмола облысының білім беру ұйымдарының музейлер облыстық фестивалі өтті.

Әділқазы құрамына Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің, Мәлік Габдуллин атындағы, Көкшетау қ. тарихи музейлерінің біліктілігі жоғары мамандары кірді. Олар қатысушыларды бағалаумен шектелмей музей кызметі бойынша шеберлік сабақтарын өткізді.

Әділқазылар алқасының төрайымы, Көкшетау қаласының тарихи музейі қорлар ғылыми-зерттеу бөлімінің меңгерушісі Гульчехра Шамсидиновна Перлей Көкшетау қаласының тарихы жөнінде фильм көрсетті, өз музейі туралы виртуалды экскурсияны өткізді және музей құндылығын өндеу бойынша шеберлік сабағын өткізді.

«Ақша белгілерінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің тарихы» атты музей жобасы туралы Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің фонд бөлімінің аға ғылыми қызметкері Жакупова Дамеля Тайгаровна айтып шықты. Әдістемелік бөлімінің ғылыми қызметкері Абдрахманова Алтынай Салеубаевна нормативтік-құқықтық базасы туралы айттып және музейдің негізгі кызметі бойынша ұсыныстар берді.

Мәлік Габдуллин атындағы музейінің аға ғылыми қызметкері Махметова Аягөз Муратқызы музей бойынша виртуалды экскурсиясымен таныстырды және жас музейшілерге өз музейінің негізгі кызметі, өткізілетін шаралар бойынша айтитып шықты.

Фестивальге Аршалы, Бұланды, Еңбекшілдер, Зеренді, Шортанды, Целиноград аудандарының және Көкшетау, Степногорск ққ. мектеп музейлері қатысты.

Фестиваль үш кезеңнен тұрды: «Мектеп музейдің ең үздік экскурсоводы», «Музей афишасы», «Интеллектуалдық марафон». Делегациялар байқауларда өздерін жақсы көрсетті, Ұлы Отан соғысының, туған жердің, мектеп тарихын, ардагерлеріміздің, біздің жерлестеріміздің өмірбаяндары туралы тамаша білімдерін көрсетті.

Фестивальдің қатысушыларына музей жұмысы туралы толық айтылды, музей экспонаттарды қалай өңдеу керек, экскурсияларды және басқа шараларды қалай өткізу керек.

Фестиваль қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:

1 орын – Еңбекшілдер ауданы Степняк қ. №1 ОМ музейі, жетекшісі Жаманбаев Марат Кабешевич;

2 орын – Бұланды ауданының балалар шығармашылық үйінің музейі, жетекшісі Бабан лейла Салмановна;

3 орын –Көкшетау қ. Мәлік Габдуллин атындағы №3 МГ музейі, жетекшісі Уалиева Жулдыз Олжабаевна.

Ақмола облысы білім басқармасының белсенді қатысқаны үшін Целиноград ауданы №3 Талапкер ОМ марапатталды

Номинацияларда дипломдармен марапатталды:

«Үздік музей афишасы» - Бұланды ауданының балалар шығармашылық үйінің музейі, жетекшісі Бабан Лейла Салмановна;

«Үздік мектеп музейі» - Аршалы ауданы Михайловка ОМ, жетекшісі Горчиневская Ольга Леонидовна; Степногорск қ. Ақсу к. №1 ОМ, жетекшісі Сатанова Асем Сериковна

«Үздік экскурсовод» - Рашитов Ермек - Көкшетау қ. М.Габдуллин атындағы №3 МГ 9 «А» сынып оқушысы; Тезекбаева Гульназ – Зеренді ауданы Қызылсая ОМ 11сынып оқушысы; Рахимова Зарина – Шортанды ауданы №2 Жолымбет ОМ 7 сынып оқушысы.

Просмотров: 494


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст