«Ақмола облысы білім басқармасының туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және |
Коммунальное государственное учреждение «Центр туризма, физической культуры, начальной военной и технологической подготовки управления образования Акмолинской области» |
4-6 қаңтар күндері Көкшетау қаласы №19 орта мектебінің базасында ТК Қазақстан Республикасы Кубогінің 2 кезеңі, жасанды бедерде туристік копсайыстан (таулы туризм) ашық аймақтық жарыстар өткізілді.
Жарыстардың ұйымдастырушысы Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология орталығы.
Жарыстардың мақсаты: туристік көпсайысты дамыту және әйгілеу, Қазақстан Республикасының аймақтарымен іскерлік және достықтық байланыстарын кеңейту, қатысушылардың техникалық және тактикалық шеберліктерін жоғарлату, жарыстардың жана нысандарын өңдеу, жарыстарды ұйымдастыру және өткізу тәжірибиесімен бөлісу, туристік көпсайыстан (таулы туризм) ең мықты командаларды анықтау және разрядтық нормативтерді орындау .
Жарсытарда Ақмола, Қарағанды, Батыс-Қазақстан, Қызылорда, Павлодар облыстары және Астана қаласынан (17 команда) 100 қатысушы қамтамасыз етілді.
Жарыстардың бағдарламасына «Жеке», «Техникалық», «Жартастар» және «Связки» дистанциялар кірді.
Жаңа жылда бұл бірінші жарыстар және жүлделі орындар үшін әзілдейтін емес күрес басталды. Қатысушылар скалодром трассасын құлшына ие қылып, қайсар жігерлігімен таң қалдырды.
Чемпионатта Ақмола облысын 4 команда ұсынды: жасөспірімдер- «Фирн-2», «Фирн-3», жастар- «5 высота», «Фирн». Үйде қабырғалар көмектеседі бекер емес қой дейді, Ақмола облысы құрамасы үшін бұл жарыстар жұлдызды болды.
Күрес қорытындысы бойынша біздің құрама командамыз келесі нәтижелерге қол жеткізді.
Спорт шеберлігіне кандидат разрядтарын орындаған: «Жеке» дистаниясында - Роман Андреев, «Связки» дистанциясында- жұптар: Роман Андреев - Ангелина Александрова, Адиль Макенов-Владислав Белозеров.
«Скалы» дистанциясында 1 разрядты орындаған «Фирн-2» команданың қатысушылары - Дарья Скрипачева, Михаил Горленко, Данил Качененков, Никита Дворцевой.
Жастар арасында төрт дистанция бойынша жалпы есепте «5 высота» командасы (Ақмола облысы) 1 орынға ие болды, екінші орын - «Спартак» командасы (Қарағанды облысы), үшінші- «Батыс-west-4» (Батыс-Қазақстан облысы).
Жасөспірімдер арасында бірінші орынға ие болды «Фирн-2» командасы (Ақмола облысы), екінші- «Батыс-west-5» командасы (Батыс-Қазақстан облысы), үшінші - «Легион -3» командасы (Астана қ.).
Жарыстардың жеңімпаздары Қазақстан Республикасы спорттық туризм Ұлттық федерациясының медальдары, грамоталары және бағалы сыйлықтарымен марапатталды. Жарыстардың жабылу рәсімінде Ақмола облысы туризм басқармасының басшысы Ш.Б. Батырханов қатысып, баршаны спорттық аусымы ашылуымен құттықтап, естелік кәдесыйлармен және туризм басқармасының дипломдарымен марапаттады.