«Ақмола облысы білім басқармасының туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және |
Коммунальное государственное учреждение «Центр туризма, физической культуры, начальной военной и технологической подготовки управления образования Акмолинской области» |
Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология» орталығы 2020 жылдың 20-24 шілде аралығында Ақмола облысының жалпы орта білім беру ұйымдарының оқушылары арасында «Уақыт – байланыстырушы желі» мектеп және колледж музейлерінің сырттай байқауының облыстық кезеңін қашықтықтан өткізді.
Облыстық байқау «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Ақмола облысының мектеп музейлерін дамыту» бағдарламасын жүзеге асыру аясында өткізілді.
Байқаудың мақсаты: білім беру ұйымдарында мектеп музейлерінің маңыздылығын арттыру, музейдің өскелең ұрпаққа педагогикалық ықпалының мазмұнын, әдістері мен формаларын жетілдіру.
Міндеттері: оқушылардың ой-өрісін кеңейту, танымдық қызығушылықтары мен қабілеттерін, әлеуметтік белсенділігін тәрбиелеу, оқушылардың ізденушілік, ғылыми-зерттеу жұмысының дағдыларын қалыптастыру, педагогтар мен білім алушыларды мектеп музейлерін алуан түрлі қызметіне қосу арқылы музей педагогикасын дамыту үшін жағдай жасау; тарихи және мәдени ескерткіштерге ұқыпты қарауды қалыптастыру.
Байқауға барлығы 36 қатысушы қатысты. Қатысушылар «Музей тарихы», «Отбасылық жәдігер», «Өткенің жұмбақтарына саяхат», «Нұр-Сұлтан- болашақтың қаласы» сияқты номинациялар бойынша өздері видеобейне түрінде дайындаған жұмыстарын ұсынды.
«Уақыт – байланыстырушы желі» мектеп және колледж музейлерінің сырттай байқауының қортындысыбойынша орындар келесідей бөлінді:
І орын – Жақсы ауданы;
ІІ орын – Атбасар ауданы;
ІІІ орын – Сандықтау ауданы.
Барлық қатысушылар мен жетекшілерге сертификаттар берілді. Жеңімпаз балалар Орталықтың алғыс хаттарымен марапатталды. Байқау жеңімпаздарын дайындаған педагогтарға Орталықтың алғыс хаттары табыс етілді.