«Ақмола облысы білім басқармасының туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және |
Коммунальное государственное учреждение «Центр туризма, физической культуры, начальной военной и технологической подготовки управления образования Акмолинской области» |
Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология орталығы біздің облыстың әр бұрышы туралы ақпарат жинау мақсатында Ақмола облысының білім бөлімдері арасында үздік виртуалды экскурсия жасауға конкурс өткізді, онда әрбір аудан өз өңірінің оны облыстың басқа аудандарынан ерекшелейтін негізгі көрікті жерлерін көрсетуі тиіс еді.
Виртуалды экскурсияны презентация, сайт, фильм немесе компьютерлік бағдарлама түрінде жасауға болады; бұл фотосуреттер немесе түсірілген видео болуы мүмкін.
Өлкетану ақпаратын жинау өлкетану ғылымының әдіснамасы мен принциптері бойынша жүзеге асырылуы және негізгі мәліметтерді қамтуы керек:
- ауданның географиялық орналасуы;
- климаттық жағдайлар( өсімдік, жануарлар әлемі, су ресурстары);
- елді мекендердің пайда болу тарихы және олардың атаулары, өз ауданының ерекшеліктерін ескере отырып қалыптасу жолы;
- өнеркәсіп объектілері және ауыл шаруашылығы;
- аудан аумағында болған тарихи оқиғалар;
- қасиетті орындар, сәулет және тарихи ескерткіштер және табиғат объектілері;
- әлеуметтік сала (білім беру, спорт және мәдени мекемелер, мұражайлар, театрлар, бұқаралық ақпарат құралдары және т. б.);
- ауданның көрнекті адамдары (тарихи тұлғалар, ҰОС батырлары, алғашқы тың игерушілер, спортшылар, ақындар, ғалымдар, еңбек сіңірген педагогтар және т.б.).
Бағалау кезінде келесі критерийлер бойынша ескерілді: орындаудың дербестігі, материалды берудің толықтығы, эстетикасы, сапалы дыбыс.
16 аудан (Ақкөл ауданынан басқа), Көкшетау және Степногорск қалалары қатысты.
Үздіктер қатарында:
1 орын-Жақсы ауданы;
2 орын - Егіндікөл ауданы;
3 орын - Бұланды ауданы.
Жүлдеге ие болған аудандардың бейнеэкскурсиясын мына сілтеме бойынша https://www.youtube.com/channel/UCV-utePQysekjwGJgoTLMkA?view_as=subscriber көруге болады.
Аудандар ұсынған бейнематериалдар «Ақмола облысының туристік-өлкетану мүмкіндіктері» атты бірыңғай фильмге біріктірілген.