«Ақмола облысы білім басқармасының туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және |
Коммунальное государственное учреждение «Центр туризма, физической культуры, начальной военной и технологической подготовки управления образования Акмолинской области» |
2020 жылдың 14-16 қыркүйек күндері қашықтық форматта «Табиғатты аяла!» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің республикалық форумы өткізілді.
Форумның басты мақсаты - білім алушыларды табиғатты қорғау қызметіне тарту, экологиялық мәдениетті және туған өлке табиғатына экологиялық бағдарланған қатынасты тәрбиелеу.
Форумға Қазақстанның Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан және 14 облыстарының өкілдері қатысты.
Ақмола облысын біздің Орталықпен өткізілген облыстық экологиялық іс-шаралардың жеңімпаздары кірген командасы ұсынды.
Форум бірнеше конкурстық номинациялардан тұрды:
1. «Туған өлке тарихы» виртуалды саяхат;
2. «Жасыл экономика» зерттеу жобаларының байқауы;
3. «Денсаулық және қоршаған орта» жобалар байқауы;
4. «Экоболашақ» көгалдандыру бойынша өткізілген экологиялық
жұмыстар туралы бейнероликтер байқауы;
5. «Жасыл оазистер» экодизайнерлер байқауы;
6. «Жеңіс мамыры» панно немесе коллаж байқауы.
Бірінші күні өтті:
«Экоболашақ» бейнероликтер байқауы - Жақсы ауданы жас натуралистер станциясының тәрбиеленушісі Чореску Дарья өз жұмысын ұсынды;
«Жасыл оазистер» экодизайнерлер байқауы - Көкшетау қаласының №21 орта мектеп – лицейінің оқушысы Чепурных Милана;
«Жеңіс мамыры» панно немесе коллаж байқауы - Көкшетау қаласының №21 орта мектеп – лицейінің оқушысы Короленко Виолетта.
Екінші күні «Туған өлке тарихы» виртуалды саяхатын Степногорск қаласы, дарынды балаларға арналған № 4 облыстық мамандандырылған «Болашақ» мектеп-интернатынан Ким Виктория мен Бурабай ауданы Щучинск қаласы №1 орта мектеп-гимназиясынан Калашников Кирилл ұсынды.
Көкшетау қаласы № 13 «ЭКОС» экологиялық мектеп гимназиясының оқушылары Гауэрт Артур мен Даулетханова Томирис «Жасыл экономика» номинациялары бойынша зерттеу жобаларын қорғады.
Үшінші күні «Денсаулық және қоршаған орта» номинациясына Зеренді ауданы Айдабол орта мектебінің оқушысы Бобко Анастасия және Көкшетау қаласы №21 орта мектеп – лицейінің оқушысы Чепурных Милан қатысты.
Республикалық форум нәтижелерін салтанатты түрде жариялау онлайн-режимде өтті. Кәсіби қазылар алқасы, оның құрамына осы бағытқа байланысты мамандар кірді, ұсынылған жұмыстардың жоғары деңгейін атап өтіп, форум жеңімпаздарын жариялады.
Біздің балалардың жетістіктері:
«Жасыл экономика» номинациясында – «Электр энергиясын үнемдеу - елдің табиғи ресурстарын сақтау туралы қамқорлық» зерттеу жобасымен Гауэрт Артур 2 орынға ие болды.
Көкшетау қаласындағы №21 орта мектеп – лицейінің оқушысы Чепурных Милана «Жасыл оазистер» номинациясымен «Қылшақты өзеніндегі жасыл оазис» жұмысымен 2 орынға ие болды.
Көкшетау қаласының №21 орта мектеп-лицейінің оқушысы Короленко Виолетта «Жеңісті мамыр» номинациясында қаламыздың ең маңызды ескерткіштерінің бірі – «Мәңгілік алау» мемориалдық кешені бейнеленген флористикалық панно бейнелей отырып, 1 орынға ие болды.
Жеңімпаздар дипломдармен және естелік сыйлықтармен, жетекшілері алғыс хаттармен марапатталды. Форумға қатысушылардың барлығына сертификат берілді.