«Ақмола облысы білім басқармасының туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және |
Коммунальное государственное учреждение «Центр туризма, физической культуры, начальной военной и технологической подготовки управления образования Акмолинской области» |
2024 жылғы 15 тамызда Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту Министрлігінің республикалық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығы онлайн режимінде «Цифрландыру жағдайында білім алушылардың дене шынықтыруын қалыптастыру» тақырыбында дене шынықтыру педагогтарының республикалық секциясын өткізді.
Ақмола облысынан 72 адам – аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдіскерлері, дене шынықтыру мұғалімдері мен жалпы білім беретін мектептердің директорлары, сондай-ақ мектепке дейінгі мекемелердің нұсқаушылары қатысты.
«Білім беруді цифрландыру: проблемалар мен перспективалар» тақырыбында Қазақстан Республикасы Білім Министрлігінің тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры Меруерт Асқарбекқызы Медетбекова сөз сөйледі.
Ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығы бас директорының м.а. Сянзия Кантуреевна Куптилеуова «Жаңа жағдайларда дене шынықтыруды трансформациялау» тақырыбында сөз сөйледі.