«Ақмола облысы білім басқармасының  туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және
технологиялық дайындық орталығы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение «Центр туризма, физической культуры, начальной военной и технологической подготовки  управления образования Акмолинской области»

 


Әлеуметтік желілердегі парақшаларымыз

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Менің Отаным - Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың республикалық слеті

02.10.2020

2020 жылдың 28-29 қыркүйегінде «Менің Отаным - Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың республикалық слеті қашықтық форматында  өткізілді.

Ұйымдастырушысы - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің тапсырмасы бойынша Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы.

Слеттің мақсаты балалар мен жастарда азаматтық пен отаншылдық сезімдерін тәрбиелеу, экспедициялық жасақтардың туристік қызметін жандандыру жолымен салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады.

Слетке Қазақстанның он төрт облысы және Республикалық маңызы бар   Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан 17 команда қатысты. Қатысушылардың жалпы саны 170 адам.

Ақмола облысынан 8 номинация бойынша қатысқандар:

     «Бард әндері» байқауы - Біржан сал атындағы музыкалық колледждің 1 курс студенті Панюшкин Максим ( Юрий Визбордың  Милая моя» әні).

Өлкетану блогы:

«Жас өлкетанушы» номинациясы - Атбасар қаласы  №8 орта мектебінің 10 сынып оқушысы Каримов Алишер («Атбасар – тарих бесігі» жобасы);

«Туған өлке соқпақтары»  номинациясы - Біржан сал атындағы ауданы Степняк қаласының №1 орта мектебінің 8 сынып оқушысы Куфинова Инесса («Атамекен: туған өлкенің өткені, бүгіні және болашағы» жобасы»);

«Ең керемет туристік өлке» номинациясы - Жақсы ауданының Запорожье орта мектебінің 9 сынып оқушысы Винтерголлер Виолета («Туған өлкенің туристік – өлкетану мүмкіндіктері» жобасы).

Экологиялық блок:

«Туған өлке тарихы» номинациясы - Есіл ауданы Красивин орта мектебінің 9 сынып оқушысы Муканова Антонина (3D элементтерін пайдалана отырып, өз өлкесінің виртуалды туристік маршрутының презентациясы);

«Экологиялық соқпақ» номинациясы - Біржан сал атындағы ауданы Степняк қаласының №1 орта мектебінің оқушылары Куфинова Инесса мен Мыльник Елизавета («Экологиялық теңгерім: табиғат және адам» жобасы).

Туристік блок:

«Жорықта зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету» номинациясы - біздің орталықтың тәрбиеленушілері Михаил Горленко мен Анжелика Баева;

«Туризм білімпаздары» номинациясы - Горленко Михаил.

Слет қорытындысы бойынша жеңімпаздарды жариялау онлайн режимінде өтті.

Біздің қоржынымызда: «Жас өлкетанушы» номинациясы бойынша Каримов Алишер 3 орын

         

 

 «Экологиялық соқпақ» номинациясы бойынша Куфинова Инесса мен Мыльник Елизавета 3 орын

         

Барлық қатысушыларға сертификаттар берілді, жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен, жеңімпаздарды дайындаған жетекшілер алғыс хаттармен марапатталды.

Жеңімпаздардың бейнежобаларын әлеуметтік желі instagram @ocdutke парақшасында немесе  https://www.instagram.com/tv/CF1rZBZgubf/?igshid=1kc253fx4mx01 ,  https://www.instagram.com/tv/CF1rZBZgubf/?igshid=1nsip25uauueo сілтемесі бойынша көре аласыздар.

 

Просмотров: 607


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст