«Ақмола облысы білім басқармасының туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және |
Коммунальное государственное учреждение «Центр туризма, физической культуры, начальной военной и технологической подготовки управления образования Акмолинской области» |
2020 жылдың 24 – 26 қараша аралығында ZOOM платформасы бойынша «Тұңғыш Президент» күніне арналған жас тарихшылар мен өлкетанушылардың облыстық форумы өткізілді.
Форумның мақсаты мен міндеттері
-оқушылардың өлкетанушылық істерін қолдай отыра, туған өлкесінің тарихи, мәдени мұрасын сақтауға қызығушылықтарын арттыру, белсенді азаматтық позицияларын қалыптастыруға жағдай жасау
-туған өлкені кешенді түрде үйрену сұрақтары бойынша білім беру ұйымдары қызметінің әдістері мен формаларын жетілдіру;
-оқушылардың жинақталған ғылыми – жаратылыстану бірлестіктері мен туристік – өлкетану, алдыңғы қатардағы педагогикалық тәжірбиелерді тарату және жинақтау;
-өлкетану саласындағы дарынды балалар мен жастарды анықтап, қолдау.
Форумға Ақкөл, Аршалы, Астрахан, Атбасар, Біржан сал, Ерейментау, Есіл, Жақсы, Сандықтау, Целиноград, Шортанды, аудандары мен Көкшетау қаласының Дарын № 3 мектеп – интернаты мен Степногорск қалаларының балалары мен педагогтары қатысты. Қатысушылардың жалпы саны - 49 адам.
Қатысушылар мен педагогтар «Ұлы халықтың – Ұлы көшбасшысы» - 11 адам; «Қазақ елім - мақтанышым» - 10 адам; «Елбасына хат» эсс номинациясы бойынша – 15 адам; «Біз тарихты жасаймыз» сыныптан тыс іс – шаралар сценарийлері – мұғалімдерге арналған конкурс – 14 адам қатыстып дайындаған жұмыстарын ұсынды.
«Тұңғыш Президент» күніне арналған жас тарихшылар мен өлкетанушылардың облыстық форумының қортындысы бойынша орындар келесідей бөлінді:
«Ұлы халықтың – Ұлы көшбасшысы» номинациясы бойынша
1-орын Зарапова Аружан (Көкшетау қ. Дарын № 3 мектеп - интернаты);
2-орын Владимиров Давыд (Ақкөл ауданы);
2-орын Аубакиров Мирас (Атбасар ауданы);
2-орын Нарбутина Айсұлу (Жақсы ауданы);
3-орын Балташева Меруерт (Аршалы ауданы);
3-орын Юсевич Анастасия (Есіл ауданы);
3-орын Молдабекова Айжан (Степногрск қаласы).
«Қазақ елім – мақтанышым!» номинациясы бойынша
1-орын Винтерголлер Виоллета (Жақсы ауданы);
2-орын Алимбетова Айда (Целиноград ауданы);
2-орын Бабич Александра (Шортанды ауданы);
2-орын Әділбекқызы Аружан (Көкшетау қ. Дарын № 3 мектеп - интернаты);
3-орын Номировский Никита (Ақкөл ауданы);
3-орын Абинов Тимур (Сандықтау ауданы);
3-орын Касенова Камила (Целиноград ауданы).
«Елбасына хат» номинациясы бойынша
1-орын Елешқызы Шұғыла (Көкшетау қ. Дарын № 3 мектеп - интернаты);
2-орын Бейсенбек Нұрсауле ( Біржан сал ауданы);
2-орын Қажмұрат Арман (Ерейментау ауданы);
2-орын Сунцова Валерия (Сандықтау ауданы);
3-орын Абишев Нұржан (Астрахан ауданы);
3-орын Мартынкевич Екатерина (Біржан сал ауданы);
3-орын Басбарыс Расул (Жақсы ауданы);
3-орын Жүсіпназар Дильназ (Целиноград ауданы).
«Біз тарихты жасаймыз» педагогтерге арналған сыныптан тыс іс – шаралар сценарийлер конкурсы бойынша
1-орын Чечерина Татьяна Тельмановна (Ақкөл ауданы);
2-орын Аманбаева Раушангүл Талғатқызы (Атбасар ауданы);
2-орын Семченко Марина Сергеевна (Ерейментау ауданы);
3-орын Бекбаев Н.М. (Біржан сал ауданы);
3-орын Гордиенко Ю.П. (Есіл ауданы);
3-орын Анаская Ирина Николаевна (Шортанды ауданы).
Жалпы командалық орын
І орын – Көкшетау қ. Дарын № 3 мектеп – интернаты;
ІІ орын – Ақкөл ауданы;
ІІІ орын – Жақсы ауданы.
Барлық жеңімпаздар Ақмола облысы білім басқармасы басшысының дипломдары мен бағалы сыйлықтармен мараппаталды.