«Ақмола облысы білім басқармасының  туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және
технологиялық дайындық орталығы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение «Центр туризма, физической культуры, начальной военной и технологической подготовки  управления образования Акмолинской области»

 


Әлеуметтік желілердегі парақшаларымыз

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Білім беру процесіндегі экологиялық тәрбие мен білімнің арақатынасы» облыстық семинары

23.02.2023

2023 жылғы 14-15 ақпан күндері Зеренді ауданының «Парус» БСО базасында білім беру ұйымдарындағы экологиялық үйірмелерінің жетекшілері, «Жаһандық құзыреттілік» курсын жүргізетін мұғалімдер мен Ақмола облысы білім бөлімдерінің экологиялық бағытқа жетекшілік ететін әдіскерлеріне арналған «Білім беру процесіндегі экологиялық тәрбие мен білімнің арақатынасы» облыстық семинарын өткізді. Семинарға облыстың 49 педагогы қатысты.

Семинардың мақсаты:

- экология саласындағы шығармашылық әлеуетті, құзыреттілікті дамыту және педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру;

- сананы, экологиялық сауаттылықты, экологиялық тәрбие туралы білімді қалыптастыру жолдарын ұсыну;

- экологиялық пәнді қалыптастыратын салалардың қолжетімділігін арттыру, экологиялық үйірмелер мен пәндердің жұмысы арқылы білім беру;

- оқушылардың экологиялық тәрбиесінде олардың қоршаған ортамен белсенді қарым-қатынасының білім беру және тәрбиелік мүмкіндіктерін анықтау, олардың қоршаған әлем туралы ғылыми білім жүйесін және оқу-танымдық дағдыларын қалыптастыру.

            Экологиялық мәдениет - бұл адамның табиғатпен қарым-қатынасында қабылданған шешімдер үшін білім, дағдылар, құндылықтар жүйесі және жауапкершілік сезімі. Экологиялық мәдениеттің қалыптасуының қажетті шарты экологиялық оқыту мен тәрбиенің байланысы болып табылады. Заманауи экологиялық ойлауы мен экологиялық мәдениеті бар балаларды тәрбиелеуді ерте жастан бастау маңызды.

Ақмола облысы білім басқармасының туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және технологиялық дайындық орталығының әдістемелік жұмыс жөніндегі басшының орынбасары Толуспаева Лейла кенжебайқызы семинар қатысушыларына құттықтау сөзін арнады.

Орталықтың экология бағыты бойынша әдіскері Ж.Т.Утебаева білім беру процесіндегі экологиялық тәрбие мен білімнің арақатынасы туралы мәліметке тоқталып, орталықтың экологиялық бағыттағы  жұмыс туралы және негізгі іс-шаралар жоспарына талдау жүргізді.  Экологиялық тәрбие мұғалімдердің тәрбие жұмысының маңызды бағыты болып табылады. Осы мәселе жөнінде Атбасар ауданы Полтавка а. жалпы білім беретін мектебінің директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Ермошина Наталья Анатольевна «Экологиялық тәрбие білім алушының, әлеуметтік белсенді және экологиялық сауатты азаматтың жеке дамуының маңызды аспектісі ретінде» баяндамасында баяндап берді.

 Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың кең тараған түрі – үйірме жұмысы. Үйірме жұмысы оқушылардың экологиялық білімдерін тереңдетіп, біліктіліктерін яғни алған білімдерін іс жүзінде қолдана білу дағдыларын қалыптастыруға жағдай жасайды. Үйірме жұмысын қамтуда оқушылардың ынта ықыласын ескеру маңыздылығы жөнінде  Жақсы ауданы Лозовое а. жалпы білім беретін мектебінің география пәнінің мұғалімі, «Эколог және Мен» экологиялық үйірмесінің жетекшісі, 5-7 сыныптарда «Жаһандық құзыреттілік» курсын жүргізетін мұғалім Венгрина  Мария Афанасьевна «Педагогикалық практикадағы экологиялық тәрбие» баяндамасында жан-жақты көрсете білді.

Оқу процесінде экологиялық  жұмыстар қалай атқарылып жатқаны туралы Бурабай ауданы Ұрымқай ауылының жалпы білім беретін мектебінің директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Елеманова Гүлжан Темирғалиқызы «Оқу процесін   экологияландыру мектеп оқушыларының экологиялық құзыреттілігін қалыптастырудың негізі» баяндамасында айтып берді. 

Көкшетау қаласының №13 «ЭКОС» мектеп-гимназиясының директоры Самбаева Айшолпан Қыдырбайқызы «Мектептің экологиялық моделі» атты баяндамасында мектепте атқарылған экологиялық іс-шараларымен бөлісті.

Екінші күні семинардың практикалық бөлімі өткізілді.  Зеренді ауданы Садовое а. жалпы білім беретін мектебінің биология мен  химия пәнінің мұғалімі  Мороз Инна Валерьевна 3 D модельдеу бағдарламасы арқылы жобалар жұмысын құру жолына тоқталып өтті, сонымен қатар «Экосумкалар» шебер-сыныбын өткізді.

Зеренді ауданы Айдабол ауылының жалпы білім беретін мектебінің география мен биология пәнінің мұғалімі Мищерина Нина Федоровна білім беру процесінде экологиялық және өлкетану материалдарын пайдалану туралы жұмыс тәжірибесімен бөлісті, әрі өмірдің үш құпиясына тоқталды.

Зеренді ауданы Красный Кордон  ауылының негізгі орта мектебінің география пәнінің мұғалімі Соболев Андрей Владимирович және биология пәнінің мұғалімі Орлов Сергей Юрьевич  Зеренді көлінде қыста аэрациялау туралы мағлұмат беріп, ауқымды жұмыстар жүргізді.

Соңғы күні семинарды қорытындылап, ұсынымдар ұсынды, талдау жасалды.

Білім бөлімдеріне ұсынымдар:

 - жалпы орта білім беру ұйымдарында экологиялық-туристік-өлкетану бағытындағы үйірмелер желісін кеңейту;

- жазғы кезеңде мектеп жанындағы сауықтыру лагерлеріндегі бейінді экологиялық ауысымдарды ұйымдастыру;

- аудандарда экологиялық-туристік-өлкетану бағыты бойынша қызметті ұйымдастырудың оң және табысты тәжірибесін жинақтау;

- экологиялық-туристік-өлкетану бағытындағы аудандық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу (слеттер, байқаулар, семинарлар, т. б.);

- экологиялық-туристік-өлкетану бағытындағы облыстық іс-шараларға қатысу (олимпиадалар, байқаулар, слеттер және т. б.);

- педагогтердің экологиялық-туристік-өлкетану бағытындағы біліктілікті арттыру курстарына қатысуы;

- өңірде балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимылды ұйымдастыру, әлеуметтік әріптестікті дамыту.

  Семинар қатысушыларына ұсынымдар:

   - мектеп және аудандық деңгейде экологиялық білім беру мен тәрбиелеуді іске асыру жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу бойынша кеңестер, дөңгелек үстелдер ұйымдастыруға қатысу;

   - 2023-2024 оқу жылына арналған экологиялық бағыттағы бірыңғай облыстық жұмыс жоспарын құру үшін экологиялық үйірмелердің жұмыс жоспарларын әзірлеу және туризм, ДШ және АӘТД орталығына жіберу;

   - балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту жөніндегі облыстық өңірлік жоспарға өз ұсыныстарын енгізу;

   - ұжымдарда экологиялық үйірменің жұмыс жоспарының жобасын талқылау және оларды әкімшілікке іске асыру жөнінде ұсыныстар енгізу;

   – жұмыс жоспарында оқушылардың белгілі бір экологиялық қызметке практикалық қатысуына назар аудару - экологиялық соқпақтарды, маршруттарды әзірлеу;

   - өз өңірінде далалық экспедициялар жүргізу арқылы оқушылардың зерттеу жұмыстарын күшейту, жиналған экологиялық-өлкетану материалдарын жобалау қызметінде пайдалану;

   - өз өңірі бойынша балалар мен жастарға арналған интерактивті экскурсиялық және туристік маршруттарды әзірлеу және жасау;

  - экологиялық бағыт бойынша білім беру бағдарламаларын әзірлеу.

 Барлық семинар қатысушыларына орталықтың сертификаттары табыс етілді,  баяндамашылар орталықтың алғыс хаттарымен марапатталды.

Просмотров: 240


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст