«Ақмола облысы білім басқармасының  туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және
технологиялық дайындық орталығы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение «Центр туризма, физической культуры, начальной военной и технологической подготовки  управления образования Акмолинской области»

 


Әлеуметтік желілердегі парақшаларымыз

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Бір апта ауылда"

13.12.2017

Бір апта ауылда

Желтоқсанның 7-12 күндері Көкшетау, Щучинск, Степногорск, және Атбасар қалаларының 50 оқушыларына «Бір апта ауылда» бірқатар іс-шаралары өткізілді. Іс-шаралардың мақсаты: ауыл өмірімен және тұрмысымен танысу, туған өлкеміздің тарихы мен мәдениетін білу, мал фермаларына, астық нысандарына, шаруашылықтарына бару. Оқушылардың арасында 10 КТІ инспекторларының есебінде тұрғандар болды.

Стейкхолдерлер: «Кенесары-Астық» ЖШС, «Есіл-Агро» ЖШС, Қазақстандық Инновация Агро Корпорациясы, «Құмқосақ» ұжымшары, Бурабай ауданының Қатаркөл а. ауылшаруашылық колледжі, Зеренді ауданының Чаглинка а. Агробизнес колледжі, «Бурабай Даму» ЖШС, «Круиз» ЖШС, Ақмола облысының ІІД.

Біз Бурабай ауданының Кенесары а. «Кенесары-Астық» ЖШС-сына барудан бастадық. Бас директор Темірғали Уәлиев кәсіпорынның тарихы туралы, бүгінгі таңдағы міндеттері туралы айтып берді. Біз элеваторда астық және май тұқымдыларының мәдениетін қабылдау мен сақтау үрдісімен танысуға мүмкіндік алдық. Топтың 30 адамы, ермек үшін, ауладағы үлкен таразыға өлшеніп көріп, өздерінің бір тонна 600 килограмм тартатындарын анықтады. Өсімдік мәденитіне талдау жасайтын зертхананы да көрдік. Балалар дән мен зығырды қолдарымен ұстады, тіпті дәмін де татты. Дәнді қалай тазалап кептіретінін, тарттырудың нәтижелері (ұнтақ жармасы, ұн) қандай екеніне көздері жетті. Өнімді көптеген елдерге экспортқа жібереді, қоймада Ауғанстанға жөнелтілуге дайын тұрған екі вагон ұн қаптарын көрдік. Осылайша қатыслушылар нан жасау үрдісін көрді, бұл өте ерекше және қызықты болды.

Одан кейін бәрімізге қатты әсер еткен, Бурабай ауданы Кенесары а.  «Есіл-Агро» ЖШС-сының мал фермасына  бардық. Бізді жетектеген жас қыз, осы шаруашылықтың мал дәрігері, ондағы жануарлар туралы айтты. Фермадағы барлық жануарлар Венгриядан әкелінген қолдан шығарған сүтті сиырлар түрі екен. Бұл сиырдың әр біреуі күніне 60 литрге дейін сүт береді. Ол сүттер Көкшетау қалалық сүт зауытына, Щучинск қ. «Айна» сүт зауытына және Солтүстік Қазақстан облысына жіберіледі. Бізді сиырлар өздерінің үлкендігімен және тәртібімен таң қалдырды. Біз олардың бір үй-жайдан саума жасайтын келесі үй-жай, бірінің артынан бірі, әрқайсысы өз орнына тез және ширақ тұрып барғандарын байқадық – олардан үйренуге болатын нәрселер бар сияқты. Қатысушылар, алғаш рет болар, бізді бәрімізді тағам өнімдерімен қамтамасыз ететін ауыл шаруаларының ауыр еңбегі туралы ойланып қалды. Осы ауыл шаруаларының арқасында біз сау және пайдалы тағамдарды тұтынамыз.

Ауыл секторының мамандықтарына қызуғышылық пайда болып, облыстағы ең ескі колледждердің бірі болатын, 2018 жылы 70 жылдығын тойлайтын  Бурабай ауданындағы Қатаркөл а. ауыл шаруашылық колледжіне бардық. Жақсы жабдықтандырылған аудиториялардан, жайлы жатақханаларынан басқа, колледждің қосалқы шаруашылығы бар екен:  аздаған сиырлар, қояндар және қойлар. Болашақ мал дәрігерлері оларды кәсіби дағдыларын жетілдіруге қолданады: дәрі егіп үйренеді, оларды емдейді, күтіп-бағады. Жемдерін де студенттер дайындайды. Бізге, колледж қонақтарына, шағын сынақ өткізгендері орынды болды. Қатысушылар өздерін талапкер болып сезінді. Жақсы бал жинағандарға, олардың арасында жетекші ұстарздар да болды, колледжде оқуға құқық беретін сертификаттар берілді. Айта кететін жайт, Қазақстанда «Мал дәрігері» мамандарын дайындайтын 2-ақ колледж ғана бар: бірі Ақмола облысының Бурабай ауданы Қатаркөл ауылындағы және Қарағанды облысындағы. Студенттер барлық қатысушылардың көңілін көтерген концерт әзірледі, сондықтан біз колледжден әзер дегенде кеттік.

Сенбі күні демалыс жасап, Астана қ. щолу экскурсиясын тамашалап, Тұңғыш Президент мұражайына бардық, «Хан шатыр» ойын-сауық орталығында уақытымызды ұмытылмастай өткіздік.

 Қатысушыларымызды таң қалдыруға тырыспасақ, бағдарламамыз толық болмас еді. Жылқы және түйе өсірумен айналысатын «Кұмқосақ» шаруашылығына да барып келдік. Балалар ат үстінде және арба үстінде жүріп көрді, қымыз бен шұбат ішті.

Жаңа жыл қарсаңында Бурабайда болғандықтан, Аяз атаның сарайына қалайша бармасқа. Әр қатысушы Аяз атаға хат жазып, бақсының күркесінде тілегін тіледі.

Зеренді ауданының Чаглинка ауылында Агробизнес колледжі орналасқан. Бір қызығы, бұл колледжде қосарлы білім беруді қолданады.  Бізді заманауи құрал-саймандармен жабдықталған шеберханалар мен зертханаларға, оқу бөлмелеріне, колледж мұражайына апарды. Бізге элетрлік жабдықтамалары бар зертхана мен агрономиялық сектордың зертханасы қатты әсер етті. Онда студенттер мен ұстаздар агрономия туралы, солтүстік аймақтың құнарлылығы жайлы, өсімдіктерді өсіру жіне олардың аурулары жайында көп әрі қызықты ақпарат берді, ал біз бидайдың әр түрлі тұқымдарын микроскоппен қарадық. Колледждің КВН командасы қызықты бағдарлама көрсетті, концерттің басқа қатысушылары вокалды және би номерлерін де ұсынды.

«Бір апта ауылда» іс-шарасын Қазақстан Агро Инновациялық Корпорациясымен аяқтадық. Бұл ауыл шаруашылығының техникасын жинақтау цехы. Директор қызметін атқарушы Абишев Шыңғыс Жакенұлы цех бойынша бізді жетектеп, өндірістің әр кезеңін  және дайын өнімді көрсетті: шөп машинасы, тіркемелер, электрлік жинағыш, тырмалар және тағы басқалары. Жабдақтардың заманауи,компьютерленген екендігін және «Беларусь» корпорациясымен ауыл щаруашылығының  техникасын әзірлеуге лицензиялық келісім бар екендігін айтты. Келесі жыл олар өндірісті кеңейтуде, тағы да екі цех ашылуда. Сол кезде тракторлар мен комбайндардың толықтай жинақталуы жүзеге асырылады.

Іс-шаралардың соңғы күні қатысушыларымыз эссе мен пікірлерін жазды.  

 

                                                                                                                                                               

Лейла Толуспаева, ОБЖТКӨжЭО

директорының орынбасары

 

 

Просмотров: 676


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст