«Ақмола облысы білім басқармасының  туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және
технологиялық дайындық орталығы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение «Центр туризма, физической культуры, начальной военной и технологической подготовки  управления образования Акмолинской области»

 


Әлеуметтік желілердегі парақшаларымыз

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Күзгі демалыс: қызықты, танымды, ауқымды

13.11.2017

Күзгі демалыс: қызықты, танымды, ауқымды

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Айналаға қара» жобасын жүзеге асыру барысында Ақмола облысының білім басқармасының қарамағындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі, өлкетануы және экологиясы орталығы Зеренді, Еңбекшілдер, Сандықтау, Бурабай және Бұланды аудандарының ауылдық мектептерінің 50 оқушысына «Бір апта қалада» атты бірқатар іс-шараларды өткізді.

Жоба мақсаты: Көкшетау мен Щучинск қалаларының ірі кәсіптік мекемелерімен, білім ұйымдарымен (ТжКББ, ЖОО), Ақмола облысының мәдени және тарихи мұраларымен (мұражайлар, көрме залдары) таныстыру; қала мен ауыл арасында берік байланысты орнату, жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген белсенді өмірлік мансабы бар, шығармашылық жыне кәсіби бәсекеге қабілетті, қоршаған ортаның сын-тегеуріндеріне төзімді және өз өмір сүру деңгейіне қанағаттанған жеке тұлғаның өздігінен жетілуіне мүмкіндік беретін жағдайларды жасау.

Қазанның 31-і жобаның қатысушылары келе сала, олардың ұмытылмас саяхаттары басталды. Келген күні кешке біз орыс драма театрына барып, «Айдаһар» қойылымын тамашаладық. Сахнада жамандықпен қарсыласатын қабілеттенрін жоғалтқан адамдардың қиын тіршіліктері көрсетіледі. Ал қойылымның негізгі кейіпкері Ланцелот адамдардың тәлкек жандарындағы айдаһарды өлтіруге бел буып, өз басына ауыр жұмысты алды. Балалардың ешқайсысы бұған дейін театрда болмағандықтан, қойылыммен қатты масаттанды. Қойылым аяқталғасын бас рөлдерді сомдаған, театрдың жетекші актерлері Андрей Владимиров пер Борис Васютин өздерінің шаршағандарына және кеш болғанға қарамастан кездесуге келіскенде, қатысушылар бұрынғыданда қатты риза болды. Балалар актерлерге алуан түрлу сұрақтарды қойды: қалай актер болғандарын, сахнаға шыққанда нені сезінетіндерін, рөлдеріне қалай төселетіндіктерін, рөлге үйренудің актердің мінез-құлқына әсерін тигізу-тигізбеуін, және т. б. сұрады. Қанша уақыт болғанын ұмытқан балалар актерлерді көпке дейін жібергісі келмеді. Актерлермен естелік суретке түскеннен кейін бірақ театрдан шықты.

Келесі күн одан да қызықты әрі тығыз болды: «Круиз» туристтік фирмасының өкілдері қала бойынша өте қызықты экскурсия өткізді. Қалада тұратын біздің өзіміз оның таңғаларлық тарихы мен мәдениетін мүлдем білмейтін екенбіз. Біз тарих және өлкетану мұражайы мен қала тарихының мұражайына бардық, содан соң бүкіл қаланы көре алатындай ең биік көрініс алаңына көтерілдік.

Балаларға ЖШС «Новопэк» ішіндегі экскурсия үлкен әсер етті. Өндіріс туралы тамаша айтып берген инженер-технолог Мирас Капар қаптама өндірісінің барлық кезеңдерін көрсетті, оған қоса өндіріс ауқымы туралы, келешекте өндірісті роботтандыру мүмкіндігі туралы айтып берді. ЖШС «Новопэк»-тің ТМД арасында үздік үштікке кіретіндігін естіген балалар өз елдерін мақтан тұтты. Мекеме мамандарына кеңес беріп, оларды оқытатын Сербиядан келген маман Питермен танысты. Ол балаларға шет тілдерін ден беріп оқуға кеңес берді, өйткені шет тілді білу жаңа технологияларды дамытуда аса мацызды.

АҚ «Тыныс» экскурсиясы мен еңбек ардагері, зауытқа 50 жылдан астам еңбек еткен бас инженер Николай Мартынович Малышенкомен өткен кездесу ауқымы бойынша маңыздылығы басқа шаралардан кем емес болды. Н. М. Малышенко тарихы бай өндіріс пен шығарылатын өнім туралы айтты. Олар: медициналық оттегімен тыныс алу құрылғылары, газдарды сұйылту қысымын реттегіштері, өрт сөндіру құралдары және т. б. көптеген өнімдер. Бізді таң қалдырғаны өнімнің негізгі тұтынішылары Ресей, Украина, Белоруссия мен Өзбекстан елдерінің авиақұрылыс және авиажөндеу компаниялары екендігі. Әрбір Ресей ұ шағы мен тікұшағында біздің зауытта шыққан бөлшектер бар екен. Өндіріс бастығы Петр Петрович Пищурмен бірге цехтерді, өндірісті жұмыс барысында көрдік. Жастықтарынан болар, балалардың көңілдерін жаулаған полиция қызметкерлерінің қорғаныс қалқандары мен оқ өтпейтін кеудеше өндірісі болды. Балалар оқ өтпейтін кеудешені киіп көріп, қорғаныс қалқанымен суретке түсті, қорғаныс құралдарының беріктігі туралы сұрақтады. Зауытқа қажетті мамандар туралы және оларды қай оқу орнында игеруге болатындығы туралы көпеген сұрақтар қойылды. Николай Мартыновичтен сұранысқа ие маман болу үшін және соншама жыл бір орында істеу үшін не істеу керектігін сұрағанда ол: «Өз жұмысыңды сүюің керек.» - деп жауап берді. Бұл сөздер қарапайым болып көрінгенмен, мағынасының тереңдігімен біздің жобаның басты мақсаттарының бірі оқушыларға мамандық таңдаумен көмектесуге дәл келеді.

Оқу орындары бойынша өткен сапарлар да қызықты әрі танымды өтті. Біз Мусин атындағы қазақ педагогика колледжіне, Щучинск педагогикалық колледжіне, Біржан сал атындағы музыкалық колледжіне және Абай Мырзахметов атындағы университетке бардық. Оқу орындарының әкімшілігі мен студенттері қызықты және әртүрлі қылып өздерінің колледждері мен университеттері туралы, тарихы мен жетістіктері туралы айтып берді, оқу үрдісін түсіндірді, керемет концерт номерлерін дайындады. Балалардың көбісі саксофон, фортепияно, аккордеон аспаптарының жыне академиялық ән шырқаудың жанды дауыспен орындалғанын алғаш рет естіді. Бір қызығы, Щучинск педагогикалық колледжінің сахнасын әсемдеген тірі гүлдердің (лалагүл, гербер гүлі, бақытгүл, т.б.) иісіне бөлендік. Студенттер өз колледждерін үлкен махаббатпен, әдемі, заманауи және қызықты етіп көрсеткені соншалық, жоба қатысушыларының көбі сонда оқуға түсуге ниеттерін білдірді.

Жобаның бір күні толығымен Щучинск қаласына арналды. Әрине, Щучинск-Бурабай курорттық аймағында болып, Бурабайдың көркем табиғатын тамашаламай кету деген мүмкін емес. Сондықтан «Круиз» туристтік фирмасының қызметін тағы да сұрауға тура келді.

Әр халықтың ғасырлар бойы келе жатқан наным-сенімдері болады. Бірақ, Жер бетінде кілең құпия мен аңыздарға толы бірең-сараң жер бар. Солардың бірі – Бурабай. Экскурсия жетекшісі Ольга керемет қарағай иісі аңқыған орманы мен шипалы көлдерге бай, көзтартарлық жыне қайталанбас табиғатымен таң қалдыратын өлке туралы айтып берді. Балалар Бурабай ормандарының 60%-ын қарағайлар, 30%-ын қайың, 10%-ын көктеректер құрайтынын білетін болды. Абылай ханның алаңына да барып, ол жердің де оқиғалары мен аңыздарын тыңдадық. Таңғаларлық жайт, аңыздардың көбін Бурабай ауданының балалары да алғаш рет естіді. Қатысушылардың өздері табиғаты сұлу аймақтардан – Зеренді, Сандақтау, Бұланды – келгенмен Бурабайдың әсемдігіне қайран болды.

«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне сапар да есте қаларлықтай таңдандырды. Онда біз тарих және өлкетану мұражайының негізін қалаушысы аты аңызға айналған Әмина апайдың қызы Шәмшия апаймен таныстық. Әмина Даулетовна Турсунбаева Бурабай тарихы туралы мәліметтер ғана емес, ерекше этнографиялық зерттеуледі қоса жинаған. Оған академик Вернадскийдің Бурабайда болған кезеңі туралы естеліктер мен мұраларына үлесі үшін «Ресей жаратылыстану ғылым академиясының ардақты мүшесі» атағы берілді. ҚР Туризм және спорт министрлігі «Қазақстан Республикасының туризмін дамытуға қосқан үлесі үшін» атты белгімен марапаттады. Әмина апай өзінің өмірлік ісін қызына тапсырды, енді қызы Бурабайдағы мұражайдың меңгерушісі болып істейді. Балалардың осы кездесулерден кейін бізді нағыз адам қылатын естеліктер деген қорытынды шығарды. Анасының ісін жалғастырған Шәмшия апай адамгершілікке, адамдарды бағалай білуге, олардың ар-намысын сыйлауға, олардың мұрасын сақтауға, туған өлке тарихын есте сақтауға, бабаларымыздаң өсиеттерін ұмытпауға үйретіп жүр.

«Rixos» мейманханасына да барғанымыз ұмыта аларлық емес. Жоба қатысушылары мейманхананың сәулет өнері мен интерьеріне таң қалды. Мейманхана әкімшілігі оның ішкі құрылымымен таныстырып, ойын бөлмелелерін, караокені көрсетті, балалар лифтімен көтеріліп-түсіп мәз болды. «Rixos» мейманханасының Қазақстандағы жалғыз бесжұлдызды мейманхана екендігі жоба қатысушыларын қатты таң қалдарды. Мейманхана территориясында экскурсия өткізіп, ландшафт дизайнерінің шеберлік жұмысын көріп, мейманхананың маңындағы көріністерге жоғары баға беріп, пирстің үстінде суретке түстік. Жоба қатысушыларының туған жерге деген мақтанышы кернеп, қуаныш пен шаттыққа бөленді.

Жобаның соңғы күні бәрі достасып, бір топ болып біріккен қатысушылар өз пікірлерін білдіріп эссе жазды, сондай ауқымды, маңызды әрі қызықты жобанын қатысушылары болғандарына ризалықтарын ұйымдастырушыларға білдірді.

Жоба барысында өткізілген іс-шараларды Бурабай ауданының делегациясының жетекшісі Қымбат Искакованың сөзімен қорытындылағым келеді: «Жоба барысында меңгерілген ақпараттың балалардың ой-санасын қалай өзгерткендігі, олардың рухтарын, патриоттық сезімін, туған жерге деген махаббаты мен мақтанышын оятқандығы таң қаларлық. «Бір апта қалада» жобасының арқасында туған өлкелерінің тарихымен, мәдениетімен, дәстүрімен терең танысқан, балалар қызығушылықтары артып, әрнәрсеге енді мүлдем өзгеше көзбен қарап, біршама есейіп қалды.»

Лейла Толуспаева,

Ақмола

облысының білім басқармасының

қарамағындағы облыстық балалар мен

жасөспірімдер туризмі, өлкетануы және

экологиясы орталығының директорының

орынбасары

Просмотров: 722


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст