«Ақмола облысы білім басқармасының  туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және
технологиялық дайындық орталығы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение «Центр туризма, физической культуры, начальной военной и технологической подготовки  управления образования Акмолинской области»

 


Әлеуметтік желілердегі парақшаларымыз

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«ЭКСПО-2017-ге» көзқарас

07.04.2017

Ақмола облысы білім басқармасы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне арналған 2-11сынып оқушылар арасында облыстық экологиялық олимпиадасын өткізді.

Олимпиаданың мақсаты: энергетика саласына жаңартылған қарым-қатынасын және креативтік ойлауды дамыту, экологияны сақтау, мейірімділік, адалдық және жауапкершілік сезімін тәрбиелеу; экологияны терең зерттегісі келетін балаларды анықтау және оларды көтермелеу.

Олимпиада ережеге сәйкес 2 кезең бойынша өтті: іріктеу (сырттай) – ең үздік жобаларды іріктеу, екінші кезең (күндізгі) – жобаларды қорғау, теоретикалық және тәжірибиелік тапсырмаларын орындау.

Әділқазы алқасы құрамына Ақмола облысының педагогикалық қызметкердің біліктілігін арттыру институтының, «Бурабай» МҰТП, экология және орманшаруашылық колледжінің білікті мамандары кірді.

Іріктеу кезеңіне Атбасар, Бурабай, Егіндікөл, Жақсы, Шортанды, Целиноград аудандары, Степногорск және Көкшетау қалаларынан 26 жобалық жұмыс ұсынылды. Екінші кезеңіне қатысу үшін 19 үздік жоба қабылданды. 29-30 наурыз күндері экология және орманшаруашылық колледжінің базасында экологиялық олимпиадасының екінші кезеңі өтті.

Бағалау үш жастық тобы және келесі критериялар бойынша өтті: зерттеу мәселесінің өзектілігі, инновациялық тәсіл, аналитикалық ойлау, тақырыпты білу және ойлау қабілеті.

қмола облысының әртүрлі аймақтарынан «Жас ғалымдар» суды үнемдеудің экологиялық шешімдерінің жобасын энергия және БИО түрленуді сақтау, энерго-үнемдеу мектептерін құру, қалалар және Диснейлендтер жобалары ұсынылды.

Бұл ісшараның білім саласында маңызы зор: оқушыларды болашақ өмірге дайындау, өз жобаларын зерттей білуге, сыни тұрғыдан ойлауға, өз көзқарастарын дәлелдеуге үйретеді.

Әсіресе бұл ісшара барысында оқушылар жобалау кезінд еөз білімдерін тәжірибе арқылы пәнаралық байланысты жақсы қолданды. Стандартты және стандартсыз жағдайда өз көзқарастарын жүйелі түрде шешіп, шығармашылық ойлау, сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін жетілдіреді.

С.Сейфуллин атындағы Бурабай кентіндегі ОМ оқушыларының жобалары, Степногорск қаласының МГ-ның жобалары, инвесторлар тауып, грант алып әртүрлі экономика саласында жүзеге асырылуда. Осындай сайыстарды өткізу арқасында біздің оқушыларымыздың да халықаралық деңгейде көрінер деген үміттеміз.

Ғылыми жоба сайысының әділқазылар төрайымы, Ақмола облысының «Өрлеу» ПҚБАИ кафедрасының аға оқытушысы Саулембекова Р.М. тек қана жас қатысушыларды емес, олардың жобаға жетекшілік еткен ұстаздарын тәжірибелік идеяларды жүзеге асыру барысында көрсеткен қолдаулары үшін алғысын білдірді.

Оқушылар қызықты идеялар мен күтпеген жаңалықтар ұсынды. Мысалы, Көкшетау қаласының М. Ғабдуллин атындағы №3 профильді МГ-ның 10 сынып оқушысы Сайрамбекова Ақмаралдың жобасы үш тілде ұсынылып, балалар демалысының мәселелерін шешуге бағытталды. Жоспарында «ZEREN» Funland «ЗЕРЕН» бәсекеге лайықты балалар сауықтыру орталығының құрылысын салу болды. Жер телімін жалға алуға ата-аналар қаржы салып қойған. Балалар энергиясын қуаттандыратын аттракциондар мен карусельдері бар дайын макеті бар. Бұл идеяны жүзеге асыру үшін экономикалық шығынын есептеу жұмыстары қалып отыр.

Степногорск қаласының №4 МГ-ның 3 сынып оқушылары Гах Екатерина мен Шульга Елизаветаның жобалары өзекті. Олар пайдаланылған борды суды тазартудың экономды фильтрін жасаған. Бұған кететін шығын орта есеппен 98 теңгені құрайды.

Мектеп – парталар, оқу құралдары, бор, тақта... Күн сайын бірнеше рет әр кабинетте тақтаны су және шұберектің көмегімен сүртеміз. Қаншама ішетін суды бір кабинетте немесе толық бір мектепте пайдаланамыз. Математикалық есеп бойынша сынып сандары және мектептегі тақта сандары қаншама. Кабинетте 5 литрлі су (4л) күніне ауыстырылады. Оқу аптасы алты күнге созылады. Сонда су шығыны 6 х 4=24 л аптасына құрайды. Бір жылда 34 оқу аптасы бар. 34 х 24=816 л бір жылғы су шығыны. Қарап тұрсаң көп емес. Алайда мектепте 49 кабинет бар, 25 кабинетте сабақ 2 ауысымда оқиды, су күніне екі рет ауыстырылады. Сонда мектеп бойынша тақта жуу үшін қаншама су шығындалады. Есептей келсек орта есеппен мектеп канализацияға 60384 л судың ақшасын тастайды.

Оқушы қыздар өз құрылымдарын: пластик бөтелке, марлі, активированный көмір, мақталы диск спонжа және паралон. Фильтр құрастырғанда өте қарапайым. Әрине ішуге жарамсыз болғанымен тақта сүртуге жарамды-ақ. Бұл фильтрді аптасуды да аптасына бір рет қана ауыстырамыз. Фильтрді қолданғанда қанша үнемдейміз? Фильтрді пайдалану кезіндегі суды үнемдеу: 60 384 – 10 064 = 50 320 (л/жыл). Осы фильтр арқылы 50 320л суды оқу жылында үнемдеуді жоспарлап отыр. Оқушылар суды үнемдеуді күнделікті өмірде қолдануға ақпараттық насихатты жүргізуді экологиялық науқандар, флешмобтар, экологиялық мерекелер, викториналар, сынып сағаттары шеңберінде жоспарлап отыр.

№4 МГ-ның 8 сынып оқушылары Абишев Чингиз және Балтабаев Тамерлан театралды студияның ауасын тазарту мәселесін қолға алды. Сатып алынған электр станциялар көптеген қаражатты талап етеді. Сондықтан мектеп өмірінде бұл іс жүзеге асырылмайды.

Презентацияға ұсынылған қолдан жасалған шағын электростанция электр қуатын жинайтын және жұмсайтын жүйе және қолдан жасалынған күн батареясынан тұрады. Жоба бойынша, балалар, қажетті құрылымдарды сатып алып мектепте шағын электростанция қолданбақшы. Бұл жобаның жүзеге асуы - мектеп қоғамындағы оқушылардың өмір сүру сапасын жақсартады: театралды студияның ауасының дымқылдануы және тазартылуы; элект қуатын мектепте үнемделуі; мектепте «жасыл» технологияның қолданылуының жаңа тәжірибие.

Шлейнингер Э.В.-нің жетекшілігімен Бурабай кентінің С.Сейфуллин атындағы мектептің 10 сынып оқушысы Евлоев Берс күннен қуат алатын механикалық жүйені ойлап тапты. Бұл мектептің панельдері былтырғы жылғы түлектерімен құрылған. Берстің жобасы бойынша күннен қуат алатын панель құрылымына бұрыштарды қажетті бағытта орналастыру арқылы іске асады. Бұл үлкен сапада күннен қуат алуға ықпалын тигізеді. Бұл мектептің жобасы жүзеге асырылып және жалғасуда.

8 сынып оқушысы Ергеш Сымбат өткізген зерттеу жұмысы барысында сиыр қиынан ашыту арқылы метан алып, үй жылытуға және тұрмыстық газ орнына қолдануды болатынын ойлап тапты.

Бұл көрме тек қана жаңбыр суын қолданатын құрылғылар, әртүрлі тазарту фильтрлар, күннен қуат алу макеттерімен ғана шектелмей, ең бастысы, оқушылар күрделі мәселелерді шешуде. Өөткізілген ісшара Қазақстанда өсіп келе жатқан жас ұрпаққа үміт пен сенім сыйлап экологиялық мәселелермен ресурстарды сақтауға, қамқорлықпен қарауға дайын екендігін көрсетеді.

Олимпиада қорытындысы бойынша 1 орын Степногорск қ. Л.Н.Толстой атындағы МГ 3-сынып оқушылары Гах Екатерина, Шульга Елизавета (жетекші Т.С.Лихачева); Степногорск қ. Л.Н.Толстой атындағы МГ 8-сынып оқушылары Балтабаев Тамерлан, Абишев Чингиз (жетекші Щербина В.А.); Бурабай ауданы С.Сейфуллин атындағы ОМ 10-сынып оқушысы Евлоев Берс (жетекші Э.В.Шлейнингер) ие болды.

2 орын иегерлері - Егіндікөл ауданы Ушаков ОМ 8-сынып оқушысы Ергеш Сымбат (жетекші Абдуалиев А.Е.); Көкшетау қ. М.Ғабдуллин атындағы №3 КМГ 10-сынып оқушысы Сайранбекова Ақмарал (жетекші А.С.Уразбекова); Көкшетау қ.№16 КМГ 10-сынып оқушысы Курмангожина Мерей (жетекші Әйкен Гүлжан); Целиноград ауданы 96 разъезд ОМ 2-сынып оқушысы Аманжол Жансерік (жетекші А.А.Ботанова).

3 орын иегерлері - Атбасар ауданы Покровка ОМ 2-сынып оқушысы Боровикова Ксения (жетекші Т.В.Нечепуренко); Шортанды ауданы Бектау ОМ 10-сынып оқушысы Азимбаева Арайлым (жетекші Асқап Рапиза); Көкшетау қ. «Әулет» ОТО «Жұлдыз» БАК тәрбиеленушілері Журба Сергей; Хабибулин Радмир, Касымова Әмина (жетекші А.Н.Касымова); №14 ОМ 8-сынып оқушысы Головина Екатерина (жетекші Р.В.Балтабаева).

Сонымен қатар «XXI ғасыр көшбасшысы» зияткер ойынында көрсеткен жоғарғы ұпайлары үшін Сайрамбекова Ақмарал (158), Евлоев Берс (148), Балтабаев Тамерлан (133), Байкешов Мирас (127) білім басқармасының грамоталарымен марапатталды.

Жүлделі орындарының иегерлері білім басқармасының дипломдары мен сыйлықтарымен марапатталды. Қалған қатысушылар белсенді қатысқаны үшін грамоталарымен, жүлделі орныдар алған қатысушылары ның жетекшілері – алғыс хаттармен марапатталды.

Просмотров: 511


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст