«Ақмола облысы білім басқармасының  туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және
технологиялық дайындық орталығы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение «Центр туризма, физической культуры, начальной военной и технологической подготовки  управления образования Акмолинской области»

 


Әлеуметтік желілердегі парақшаларымыз

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

 Мектеп орманшылықтары, экологиялық үйірмелерінің жетекшілеріне арналған облыстық  семинарды өткізу қортытындысы  бойынша  ақпарат

19.02.2017

Педагогикалық қоғамдастықта бүгін келесі сөз тіркесі өзекті: зерттеу дағдылар мен машықтарды құру  жаңа білім беру парадигмасы бүгін аса маңызды элементі болып табылады,  білім беру түбегейлігі игерілген білім көлемімен емес  жеке танымдық тәжірибе көлемімен  байланысады. Қазіргі қазақстандық білім беру дамудың басым бағыттарының бірі ғылыми-зерттеу қызметі болып табылады.

2017 жылы 9-10 ақпан күндері Ақкөл, Аршалы, Атбасар, Бурабай, Бұланды, Еңбекшілдер, Зеренді, Жарқайын, Сандықтау, Шортанды, Целиноград аудандары және Көкшетау, Степногорск қалаларынан 37 қатысушыны қамтыған  «Мектеп орманшылықтары, экологиялық үйірмелерінде оқушылармен ғылыми-зерттеулік жұмыстарын жобалау» облыстық семинары өтті. 

Семинардың мақсаты: мектеп орманшылықтары, экологиялық үйірмелері мүшелерін ғылыми-зерттеу жұмыстарына жұмылдыру, тәжірибие жасау дағдыларын алуға,  табиғатқа өз тәжірибиелік көмегінің маңыздылығын, орман экожүйлерін қалпына келтіру және оны қорғауды  түсіну.

Семинардың міндеттері: 

 - мектеп орманшылықтардың, экологиялық үйірмелердің жұмысын жандандыру; 

- оқушылардың белсенді өмірлік ұстанымын, экологиялық мәдениетін, қоршаған ортаға құрмет пен ғылыми-зерттеу қызметінің дағдыларын қалыптастыру; 

- экологиялық тәрбиесінің негізгі формалары мен әдістерін әзірлеу.                                   

Облыстық семинар аясында Ақмола облысындағы «Өрлеу» АҚ ПКҰО педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының инновациялық технологиялар және табиғи-ғылыми (гуматитарлық) пәндердің кафедрасының аға оқытушысы Райхан Мухтаровна Сауленбековамен  «Білім беру мазмұның жаңарту  жағдайында оқушылардың ғылыми-зерттеу кызметін жүргізуді  ұйымдастыруы және  технологиясы» тақырыбында оқыту курс өткізілді. Басты мақсаты мұғалімдердің  зерттеу құзыреттерін дамыту және қалыптастыру.

ҚР 12-жылдық оқуға көшу оқудың дараландыру және кәсіби бағдарлау үшін   жағдай жасау қажетілігімен ескертіледі.  Мектеп орманшылықтарында  кәсіби бағдарлауды ұйымдастыру мақсаты – саналы тандау үшін жағдай жасау және түлектерімен кейінгі кәсіби білім беру бағдарламаларды меңгеру. Кәсіби бағдар мәселесін шешерде,  өлкетану сонымен отансүйгіштік жұмысына жағдай жасаймыз.  Кәсіби бағдар жұмысы аясында семинар қатысушыларына экология және

орман шаруашылығы  колледжіне, орман шаруашылығы  қазақ ғылыми-зерттеулік  институтына, Көкшетау селекциялық орталығына экскурсия ұйымдастырылды. 

Сандықтау ауданы Лесхоз ОМ мектеп орманшылықтары жұмысында орманшаруашылық қызметін ұйымдастыру туралы жетекшісі Л.В. Исаева айтып шықты. Бұл мектеп орманшылықтың тарихы 1970 жылдан басталады, 4 бағытта бойынша жүргізіледі: табиғатты қорғау, орманшаруашылық, оқу-зерттеу және  экология-ағартушылық кызметі. 

Астана қаласын көғаландыру үшін  «Сандықтау ОШКК» МҰ  тәлімбағынан  170 мыңнан астам қарағай, қайын,  балқарағай, 240 мың  үйеңкі көшетері жіберілді. 24 мың алма көшеттері жүзеге асыру үшін дайындалуда. Долбарлы есептегенде  гектарға  шамамен 5-8 мың көшеттер – ол  80 гектар орманға  жуық. Өмірлік қажетті оттегі қайта есептегенде - бір ағаштан  шамамен 120 кг. Лесхоз ОМ  жас орманшыларына өз табыстарына мақтанатын нәтиже бар.        Қазіргі уақытта «Наш вклад в зеленое кольцо Астаны»  жаңа жоба әзірлеуде, орман шаруашылығының әкімшілігі жер телімін бөліп, белсенді қолдайды. 

Бурабай ауданы  С.Сейфуллин атындағы ОМ мектеп орманшылығының жетекшісі Ж.Д. Нурумова баяндамасында жобалық қызметін ұйымдастыру бойынша тәжирибиесімен бөлісті.  Бұл мектеп «Неделя  образования взрослых» БҰҰ науқан  аясында «Әдемі мектеп» халықаралық байқаудың бірқатар жылдар бойы грант жеңімпазы болды. 

Семинардың қатысушыларымен экологиялық тәрбиесінің формалары мен әдістері белсенді талқыланды. 

Семинардың нәтижесінде келесі ұсыныстар қабылданды:

1. Ақпараттық өзара әрекеттестікті орнату  мақсатында  білім беру мекемелердің сайттарында  мектеп  орманшылық бөлімін құру бойынша жұмысты жалғастыру.

4.Мектеп орманшылықтары жетекшілерінің біліктілігін арттыру курстарын  орман шаруашылықтары есебінен төлеуді мүмкіндігін қарастыру.

5. Дендропарк аумағында тәжірибелік  сабақтар ұйымдастыру.

4. Аудан (қала) мектеп орманшылықтарына  экскурсиялар  ұйымдастыру. 

Просмотров: 561


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст