«Ақмола облысы білім басқармасының туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және |
Коммунальное государственное учреждение «Центр туризма, физической культуры, начальной военной и технологической подготовки управления образования Акмолинской области» |
«Балаларға арналған өлкетану: иделар мен тәжірибе»
Teach-in форматындағы ғылыми-практикалық конференция
2018 жылдың 1-2 наурыз күндері Ақмола облысының білім басқармасы Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология орталығымен бірге «Ақмола облысы білім беру мекемелердің мұражайларын дамыту бағдарламасы» жобасын жүзеге асыру аясында Teach-in форматындағы «Балаларға арналған өлкетану: идеялар мен тәжірибе» халықаралық конференциясын өткізді. Конференцияға білім беру мекемелердің жетекшілері, тарих мұғалімдері, өлкетану және туристік үйірмелердің жетекшілері, Ақмола, Солтүстік-Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облыстарының аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің өкілдері, Щучье қ. педагогикалық колледжінің студенттері, Ш.Уалиханов атындағы КМУ, А.Мырзахметов атындағы университеттерінің, «Ақмола облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалының оқытушылары, ҚР Ұлттық Мұражайының "Салттық Қазақстан" орталығының, Ақмола облысы тарихи-өлкетанушылық мұражайының өкілдері, БАҚ мен теледидар (шамамен 100 адам) қатысты.
Конференция мақсаты: өлкетану мәселелері бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайту,өлкетану мұражайындағы өлкетану жұмыстарын зерттеу мен зерттеудің басым бағыттарын анықтау; өлкетану қызметін жүргізу тәжірибесімен алмасу, тарихшылар мен өлкетанушылардың кәсіби біліктіліктерін қалыптастыру.
Келген күні конференцияға қатысушылар үшін Щучинск-Боровский курорттық аймағына экскурсия ұйымдастырылды.
Олардың көпшілігі осында болды, тіпті бірнеше рет. Бірақ қысқы Бурабайдың сұлулығын айта алмайсың, бұл ертегілер болатын сезім! Үлкен адамдар балаларға ұқсап кетті,жас қалмақтың қызының
профилін көру үшін, мұздатылған көлдің ортасында тастардың қаптастыруына мұқият қарап, автобус жылжып бара жатқан кезде сұлу қыздың бейнесі өзгеріп көрінді және алдымен орта жастағы әйелге, сосын кемпірге айналады. Бурабай туралы көптеген аңыздар бар,олардың бәрі тарихта әртүрлі айтылады.
Сол күні кешке дөңгелек үстел өткізілді, тақырыбы «Мектеп мұражайлардың белсенді және интербелсенді жұмыс формалары,оның мақсаты: өлкетанушылық кешенді мұражайын құрудың теориясы мен тәжірибе мәселелерін талқылау, теориялық және практикалық білімдері мен дағдыларын кеңейту, позитивті жеке тәжірибесін байыту, 2018 жылға арналған өлкетану бойынша өңірлік іс- араларды талқылау, «Есть на карте Родины –район» өлкетану фото-репортажды көру (Ақмола облысы, Ақкөл ауданының мұражай афишасы), «Мое село:прошлое и настоящее» (Бурабай ауданы Зеленобор орта мектеп-гимназиясы, Ақкөл ауданының Еңбек ОМ және Өрнек ОМ).Өз тәжірибесімен біздің облыстың қонақтары Г.Б.Ердаулетова (Қостанай облысы,Қостанай ауданы) және Безгина Т.А.(Солтүстік-Қазақстан облысы,Мамлют ауданы) бөлісті.
2 наурызда конференцияның пленарлық бөлімі №7 мектеп-гимназиясының базасында өтті. Қонақтарды мектеп дәлізінде домбра оркестры қарсы алды. Пленарлық отырыстың басталуына дейін,мектеп коридорында орналасқан этноауылға барды. Конференция қатысушылары жаңа мектеп- имназияның құрылымымен танысуға және «Рухани жаңғыру» кабинетке кіруге мүмкіндік алды.
Конференция қатысушылардың алдында Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Дүйсенова Ботагөз Балапайқызы құттықтау сөз сөйледі.
Пленарлық отырыста Ақмола облысының көптілді халқының қалыптасу тарихына арналған ұжымдық монография презентациясымен тарих ғылымдарының кандидаты, А. Мырзахметов ат. Көкшетау университетінің халықаралық қарым-қатынас, тарих және әлеуметтік жұмыстар кафедрасының меңгерушісі, АҚХА ғылыми-сарапшылар тобының басшысы Қапышев Ардақ Қайыржанұлы сөз сөйледі.
ҚР Ұлттық Мұражайының "Салттық Қазақстан" орталығының басшысының орынбасары Жумабаев Батырхан Елікұлы «Қазіргі Қазақстандағы жастарды тәрбиелеуде сакралды объектілердің ролі туралы». «Экология» мамандығы бойынша жаратылыстану магистрі, Ш.Уәлиханов ат. КМУ аға оқытушысы Плачинта Иван Георгиевичпен ұсынған Ақмола облысы жалпы білім беру мектептердің 5-7 сынып оқушыларына арналған «Өлкетану» «Краеведение» оқу-әдістемелік нұсқауының презентациясы үлкен қызығушылықты тудырды. «Ақмола облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру «Өрлеу» БАҰО»» АҚ филиалының аға оқытушысы Уалиев Серік Сұлтанбекұлы «Үшінші модернизация жағдайында жас ұрпақтың тарихи сана-сезімін қалыптастыру » тақырыбымен сөз сөйледі.
Халықтың қолданбалы шығармашылығындағы сәндік дәстүрлер туралы облыстық өлкетанушылық мұражайдың этнография бөлімінің ғылыми қызметкері Қасымбаева Күміс Баймаққызы айтып берді. Педагогикалық ғылымдар кандидаты, облыстық туризм, өлкетану және экология орталығының директоры Умурзаков Арман Ғалымтайұлы орталықтың «Өлкетану» саласындағы жұмысы туралы және «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жобаларын жүзеге асыру туралы айтты.
Конференция қорытындысы бойынша келесі ұсыныстарды ұсынамыз:
1. Өлкетану сұрақтар бойынша ведомствоаралық ынтымақтастықты күшейту;
2.Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Қарағанды облыстарымен балалар және жасөспірімдер туризмін және өлкетану дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумдар жасасу;
3. Біліктілікті жоғарлату орталықтары арқылы (қысқа мерзімді курстар, тренингтер, семинарлар) білім беру саласындағы мұғалімдер мен басқа да мамандардың тұрақты дамуын қамтамасыз ету;
4. Оқушылардың ең қызықты өлкетану еңбектерін анықтап, оларды насихаттандыру;
5. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған туристік-өлкетану іс-шараларды (туриадаларды, марафондарды және басқа да іс-шараларды) ұйымдастыру және өткізу;
6. Жас өлкетанушылар Кіші Академиясының жұмысын күшейту, тарихи және археологиялық, экология және өлкетану саласындағы ғылыми зертханалар мен ғылыми семестрлерін құруды насихаттау;
7. Мектептерде мұражай жұмысын жүргізу бойынша әдістемелік ұсыныстарды жасау;
8. Арнайы білім беру қажеттіліктері бар балалармен туризм және өлкетану жұмысын ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқаулықты дайындау.
Конференция соңында барлық қатысушыларға сертификаттар, баяндамашыларға Ақмола облысының білім басқармасының алғыс хаттары берілді.
Интернет-ресурстары:https://www.instagram.com/aqmola.olketanu/
https://www.youtube.com/channel/UCvc6p3EAREnpQNthH-b3N_w?view_as=subscriber
akmola.tarix@mail.ru құпия сөзі:T01032018t01032018T
https://chat.whatsapp.com/1XpWi3hN0gTH800FgfD3BB
Лейла Толуспаева,
Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы
облыстық балалар
мен жасөспірімдер туризмі,
өлкетану және экология
орталығы
директорының
орынбасары